Х.К. Андерсен туған қалашығы Оденседен ел астанасы Копенгагенге білім іздеп аттанарда, қимастықпен көз жасын төккен анасына бір әжей: «Балаңның құрметіне әлі талай отшашулар атылатын болады» деген екен. Әжейдің айтқаны дәл келіп, ертегілері әлемнің екі жүзден астам тіліне аударылған, миллиондаған оқырманның сүйікті жазушысына айналған әйгілі қаламгердің құрметіне Оденседе арнайы отшашу ұйымдастырылады.
Мейірім мен махаббатты, өжеттік пен қайсарлықты және олардың зұлым да қараңғы күштерге қарсы күресін таңғажайып тартысты оқиғалармен баяндаған Х.К. Андерсеннің ертегілері кішкентай бүлдіршіндерді де, ересек оқырмандарды да таң-тамаша етері сөзсіз.