Әлем бойынша жеткізу

Жабайы алма, Сайын Мұратбеков

3 800

Сайын Мұратбеков әйгілі жазушы болған кезінде қала сыртындағы саяжайына барып, жазу жазады екен. Күз келгенде көршісінің жері мен екі ортада өсіп тұрған жабайы алма ағашының алмасын жинайтын көрінеді. Алманың небір тәтті түрлері өсетін Алматының баурайында ашқылтым дәмі бар жабайы алманы ешкім керек қылмайды ғой, жазушының көршісі де өз ауласына түскен жабайы алманы термейді екен. Сайын оларды да сұрап алып, жинап-теріп үйіне алып келеді екен. Неге өйтесің деп сұраған жұбайына «бала күнімізде қарнымыз ашқанда осы жабайы алманы жеуші едік, қазір бір жерден көрсем, бала күнгі досымды көргендей боламын, тастап кете алмаймын» деп жауап беріпті.

Ауыр балалықтан қалған әсерді сейілтіп, ішті босатып, көңілде беріш болып қатып қалған жарақаттарды жазу үшін жазылған шығарманың бірі, әрі көркемдік жағынан басқалардан шоқтығы биік тұратыны – осы «Жабайы алма».

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Соғыстан сәл бұрын туған жазушылардың көбі әрі тәтті, әрі қайғылы балалық шағын жазып кеткен. Бесіктен белі шықпай жатып жоқтау естіген, өлім көрген балалар, кейін қалам ұстаған соң, қағазға түсіріп, шер тарқатқанға ұқсайды. Сондай шығармалардың бірі, бірақ басқаларынан көркемдігімен, мөлдіреген сезімімен ерекшеленетін шығарма – «Жабайы алма».

Кітап балалар мен ересектерге арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST