Әлем бойынша жеткізу

Гауһар тас, Дулат Исабеков

1 400

Дулат Исабеков – XX ғасырдың соңында прозада, XXI ғасырдың басында драматургия жанрында үлкен-үлкен жетістіктерге жеткен қаламгер. Оның повестері қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары қатарына қосылды және әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Сол секілді, кейінгі уақытта жазған пьесалары қазақ театрларының ғана емес, корей, орыс, француз, ағылшын театрларының репертуарына құнды дүние болып қосылды. Қазіргі уақытта Дулат Исабеков – Орта Азиядан шыққан драматургтар ішінде әлем бойынша шығармасы ең көп сахналанатын автор.

Жазушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген соң, Мәскеу түбіндегі Кубинка деген жерде әскери борышын өтеген. Сонда қалың орманның арасында күн ұзаққа күзетте тұрғанда, бөшкелердің үстіне газет төсеп, арқасын қабырғаға сүйеп тұрып осы «Гауһар тас» повесін жазған. Ол кезде жазушының жасы небәрі жиырма үште болған.

1975 жылы режиссер Шәріп Бейсембаев «Гауһар тас» повесі бойынша шығармамен аттас фильм түсірді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Дулат Исабековтің бұл повесі қазақтың халық әнімен аттас. Бірақ аты ғана ұқсамайды, бар болмысымен, сарынымен де, салған әнге ұқсайды. Бір-біріне қарама-қайшы мінездердің бір шаңырақ астына жиналуынан пайда болған жағдаяттар баяндалып, сол аралықтағы көңілдер, сыртқа шыққан-шықпаған сезімдер бірте-бірте шашақталып, оқырман назарына ақырын-ақырын ілініп, тек соңында ғана толығымен айқара ашылады.

Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST