Әлем бойынша жеткізу

Балаларға арналған әңгімелер, Лев Толстой

1 800

Толстой өзінің ақсүйек болмысына қарамастан, қарапайым шаруа балаларын оқытуды қолға алған адам. Ондай әрекет ол кез үшін тосын іс еді. Біздің Ыбырай Алтынсарин секілді, балалар оқитын хрестоматиялық оқулықты да өзі құрастырған. Оны да тек мәтін жиынтығы қылмай, барынша тәлім беретіндей етіп жасауға тырысқан. Бұнда көне грек мысалдарынан бастап жазушының өзі естіп-білген оқиғаларға дейін кездесе береді.

Келешекте кітап оқуды өмір бойы әдет қылатын балдырған үшін «Балаларға арналған әңгімелер» – Толстоймен танысудың тамаша мүмкіндігі.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Лев Толстойдың балаларға арнап жазған осы кітабы – қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпайтын дүние. Үлкендерге арнап шым-шытырық романдарды жаза білген жазушы, кішкентай оқырмандарына арнап та ұғынықты, шуақты, ықшам дүниелерді тудыра алған.

Кітап балдырғандарға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST