Әлем бойынша жеткізу

Ақ түндер, Федор Достоевский

1 400

Достоевскийдің бұл хикаятын оқыған жандар бірден жан-дүниеңді сырлы тылсыммен баурап алатын қасиетке ие екендігін айтады. Махаббат, алып шаһардағы жалғыздық, тіршіліктің мәні, бақыт пен қасірет – осының бәрі бір туындының бойында синтезделген. «Ақ түндерді» оқи отырып, қазіргі техногендік кездің проблемаларына, қарым-қатынастан жұрдай виртуалды құндылықтарға басқа қырынан қарайсың. Табиғаттың тосын сыйындай ақ түнді туындының атауына арқау еткен жазушы шеберлігіне ерекше тәнті боласың. Достоевскийді қазақша сөйлеткен белгілі сөз зергері – Дулат Исабеков.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Ф. Достоевский – адамзаттың көркем танымын кеңейткен әлемдік деңгейдегі бірегей жазушы. Ол әр шығармасында адамның сан қатпарлы жан дүниесін ақтара жазды. Әрбір туындысында оқырманды өзінің ішкі әлемімен бетпе-бет кездестіріп, өзінің жазушылық шеберлігінің кең құлашты екендігін көрсете алды.

Қаламгердің өзі «сентиментальды роман» деп атаған бұл «Ақ түндер» атты повесі – оның озық үлгідегі поэтикалық шығармаларының бірі.

Сырлы сезімге толы бұл кітап қалың көпшілікке арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST