Әлем бойынша жеткізу

Ақбілек, Жүсіпбек Аймауытұлы

3 300

Роман – он бес жасар Ақбілек арудың басына түскен қайғыдан басталады. Момын шаруа Мамырбай ауылына тұтқиылдан орыстар шауып, бойжетіп отырған қызы Ақбілекті атқа өңгеріп алып қашып кетеді. Қызын алып қалмақ болған Ақбілектің анасын атып өлтіреді. Ақбілектің артынан қуған бірер аттылы кісі оққа ұшады. Олардың арасында Ақбілектің ғашығы Бекболат та бар еді. Сөйтіп, бұрын ер кісінің бетіне тіктеп қарамаған, тәрбиелі, ақ періштедей Ақбілек еріксіз орыс офицері қара мұрттың ермегіне айналады.

«Ақбілек» – кез келген оқырманның жан дүниесін астан-кестеңін шығаратын классикалық роман. Мұнда сөз өнерінің жауһар үлгісі де, шытырман оқиғалар да, кейіпкерлердің ерекше психологиялық жай-күйі де, ХХ ғасыр басындағы саяси, әлеуметтік ахуал мен қазақ халқының психологиялық бейнесі де шебер суреттелген.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Жүсіпбек Аймауытұлы «Ақбілек» романында ел тарихының аласапыран жылдарындағы өмір шындығын, адамдар психологиясындағы өзгерістерді қазақ қызының шытырман тағдырымен астастыра баяндайды. Сондай-ақ шығармада ұлттық санадағы серпілістер шынайы көрініс тауып, ел тұрмысы мен заман тынысы кеңінен суреттеледі.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST