Әлем бойынша жеткізу

Аттила, Эрик Дешодт

3 300

Ғұн көсемі Аттила туралы аңыздар ежелгі дәуірде пайда болып, орта ғасырларда жалғасын тауып, әлем жұртшылығын әлі күнге таңдай қақтырып келе жатқаны рас. Әйгілі әмірші туралы бұл кітаптың авторы, белгілі француз қаламгері — Эрик Дешодт бірқатар биографиялық еңбектері арқылы тарихи тұлғалардың тағылымды тағдырын оқырманға қарапайым тілде жеткізе білген. Ал бұл шығармасында «Тәңірдің қамшысы» атанған Аттила бейнесін даңқты дипломат, бірнеше тілді меңгерген саясаткер ретінде танытады. Ежелгі дәуірдің дүрбелең оқиғалары жүйелі түрде баяндалып, тарихи таным көкжиегімізді кеңейтеді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Ғұн көсемі Аттиланың жұмбақ тарихы әр дәуірде әр қырынан аршыла бермек. Дарынды қолбасшы, көрнекті дипломат және тапқыр стратег бола білген ол Азияның өзегінен Еуропаның орталығына дейін таралған сансыз ғұн тайпаларын біріктіріп, он жылдан астам уақыт ішінде Арал теңізінен Дунайға дейін созылған сансыз ғұн тайпалары мен батыс Римнің шаңырағын шайқалтса да, әйгілі екі астана – Константинополь мен Римді басып алудан бас тартып, олардың сән-салтанатынан гөрі киіз туырлықты «ағаш сарайын» артық көрді. Көшпенді халықтардың ұлы көшін бастап, ат дүбірімен Еуразия құрлығын дүр сілкіндірген ұлы тұлғаның тарихы барша оқырманның тарихи танымын тереңдетіп, рухын асқақтата түсері сөзсіз.

Кітап ықылым заманның заңғар тұлғаларын танығысы келген, ежелгі көшпенділер тарихына қызығатын барша оқырмандарға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST