Әлем бойынша жеткізу

Арсеньевтің өмірі, Иван Бунин

2 700

«Арсеньевтің өмірі» Буниннің автобиографиялық кітабы болып есептеледі, дегенмен ондағы оқиғаның бәрі тұп-тура өмірдегімен сәйкес келеді деуге болмайды. Әйткенмен жазушы осы кітапты жазған кезде өмірінің сарынын, бала кезден бергі көңіл күйін дәл беруге тырысқан көрінеді. Жазуға куә болған кісілердің айтуынша, ол айлап ойланған, – бала кезін, кейін жас күндерін еске алып, одан басқа әңгіме айтпай, өткен өміріне біржола өтіп кеткендей болған.

Бунин өзі «Нобель сыйлығын» осы «Арсеньевтің өмірін» жазғаннан кейін алдым деп есептеген екен. Автор үшін қаншалық маңызы бар шығарма болғанысын осыдан-ақ білуге болады.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Арсеньевтің өмірі» – И. Бунин шығармаларының ішіндегі ең күрделі автобиографиялық роман. Кітапта дворян, ақын Алексей Арсеньевтің балалық шағынан бастап, оның толысып, кемелдікке келген шағына дейінгі өмірі суреттелген. Роман әсте тек бір ақынның ғана ғұмыры турасында емес. Бұл кітап жалпы жұмыр басты пенденің өміріндегі күйініші мен сүйініші, қуанышы мен қайғысы, жүректі шым еткізер саналуан естеліктері жайлы.

Романды қазақ тіліне жазушы Қалихан Ысқақ аударған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST