Әлем бойынша жеткізу

Арктур – құмай тазы, Юрий Казаков

1 600

Оқырман қауым мен әдебиетші жұртшылықтың шығарманы оқитын талғамы бар да, авторды насихаттайтын талғамы бар. Қызық болғанда, екеуі бір-бірімен үндесе бермейді. Уағында өте көп оқылған, қазір де оқырманның қолына түсе қалса, құнықтырып оқытатын шығармалардың авторы Юрий Казаковты көп адам біле қоймайды. Әйтпесе, Ленинградта өскен, жасөспірім кезінде бомбаның астында қала жаздап, кекеш болып қалған, отызға таяғанша кәсіби музыкант болған Юрий Казаков адам тамсанып бола алмайтын әңгімелер жазып кеткенін әдебиеттің соңына түскен кез келген адам мойындайды.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Юрий Казаков — көпшілік жаппай оқитын жазушылардың қатарынан ешқашан көрінген емес. Сол үшін де оның атын жалпы жұрт біле бермейді. Есесіне, қолына қалам ұстайтын қауым мен аса талғампаз оқырмандардың арасында зор беделге ие.

Табиғаттың әр құбылысын, әрбір елеусіз өзгерісін сезе білетін, адам баласының жан-дүниесіндегі қатпарларды байқай білетін, тіпті жан-жануар, аң мен құстың ішкі әлеміне үңіле білетін жазушының қазақшаға аударылған кейбір әңгімелерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST