Әлем бойынша жеткізу

Амок, Стефан Цвейг

1 700

Қолыңыздағы кітапқа екінші дүниежүзілік соғыстың геноциді мен қуғын-сүргіні шығармашылық ғұмыры мен тағдырына ауыр әсер еткен, әйтсе де өмірінің соңғы сәтіне дейін қаламнан қол үзбеген австриялық жазушы С. Цвейгтің таңдаулы шығармалары еніп отыр.

«Амок» хикаятында шығыстың бір еліне нәпақа іздеп аттанған дәрігердің басынан кешірген жан түршігерлік оқиғасы мен трагедиясы баяндалады. Жасанды түсік жасап беруін өтініп келген бейтаныс әйелге әуелі қарсылық білдірген дәрігер кейін өз шешіміне өкінерлік жағдайға тап болады.

«Бақилық ағаның көзі» атты аңызға құрылған хикаятта Вирата есімді құдайшыл әрі әділетті жанның елін қорғау үшін құрбандыққа баруы, ақиқат үшін күресі және шытырман өмір жолындағы қиындықтары баяндалады.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Австриялық жазушы Стефан Цвейгтің өзіне тән өткір әрі шынайы, терең әрі әсерлі баяндау стилі талғампаз оқырмандарды тәнті етіп, сан алуан сезімдерге бөлейді.

Бұл кітапқа қаламгердің «экспрессионистік новелла», «көңіл күй новелласы» деп танылған «Амок» және үнділік терең пәлсапа мен даналыққа негізделген «Бақилық ағаның көзі» атты шығармалары еніп отыр. Әуелгі хикаятта адам жанының құштарлығы мен дұшпандығын, үрейі мен үмітін, күйініші мен сүйінішін айқын танытатын шытырман оқиға баяндалады. Екінші хикаят өмір мәні, адам болмысы, жақсылық пен жамандықтың табиғаты жайлы терең пайымдарға жетелейтін ежелгі аңыз желісіне құрылған.

Кітап әдебиетке құмар барша оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST