Әлем бойынша жеткізу

Адам-балық, Александр Беляев

2 300

«Адам-балық» романының оқиғасы аса қызықты. Бұл шығармада дәрігер Сальватордың баласы Ихтиандрға жасаған таңғажайып ғылыми тәжірибесі туралы және содан әрі өрбіген шым-шытырық оқиғалар жайлы баяндалады.

Дарынды хирург Сальватор ұлының денесіне теңіз балығының желбезегін тігеді. Эксперимент сәтті шығып, Ихтиандр теңіз қойнауында өзін, шын мәнінде, суда жүрген балықтай сезінеді. Ол туралы нелер аңыз әңгімелер тарайды. Теңіз қарақшылары бозбаланың ғажайып қабілеттері жайлы естіп, өздерінің арам пиғылдарына қолданбақ болады. Ары қарай тартысты оқиғаларға ұласатын Адам-балықтың тағдыры жайлы таңғажайып роман барша оқырманды тәнті етері анық.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Адам-балық» – ғылыми-фантастикалық жанрдың шебері Александр Беляевтің ең танымал романдарының бірі. Шығарма су астында еркін тыныс алу қабілетіне ие, адамзат қоғамынан аулақ, теңіз құшағында еркін өскен жас жігіт – Ихтиандрдың қызықты да шытырман оқиғасын баяндайды. Автор адал да мейірімді қосмекенді адам-балық пен пайдаға құныққан қатыгез адамдар әлемі арасындағы қарама-қайшылықты шебер сипаттайды. Жазушы ерекше ғылыми болжамға сүйене отырып, романда адамның таңғажайып жетістіктерінің шексіз мүмкіндігін көрсете білген. Дегенмен ғылым өз жаңалықтары үшін әрдайым жауапты екенін де ескертіп өткен.

Кітап жасөспірімдер мен барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST