Әлем бойынша жеткізу

Абайдың суреті, Мұхтар Мағауин

2 100

Сонымен, ұлы Абайдың тұр-тұлғасы ежелгі түрік, таза қазақы кейіпте. Бүкіл бітіс-болмысы, саусағының ұшынан жазық маңдайына дейінгі барлық сыртқы сыпаты – ішкі қуатына, кемеңгер даналығына сәйкес келеді. Мінезі, жүріс-тұрысы, әдет-дағдысы, үні мен сөзі – бәрі-бәрі Алаштың ұлылығының айқын көрінісі дер едік.

Бұл Мұхтар Мағауин сөзі. Ғұмырлық Хәкім ұстазы жайлы математикалық дәлдікпен жазылған мірдің оғындай көп пайымының бірі, «Абайдың суретіндегі» дана Ибраһимнің жазба суреті. Кітапқа енген жазушының Абай хақындағы үш еңбегі де қазақ мәдениеті мен тарихына олжа салар кесек туындылар.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Қазақтың қабырғалы қаламгері Мұхтар Мағауин шынайы суреткерлігімен қатар, озық зерттеушілік дарынымен көпке мәлім. Қолдарыңыздағы кітапқа жазушының ой-толғам, зерттеу сыпаты басым аса құнды үш еңбегі еніп отыр. Олар: «Абайдың суреті», «Абайдың белгісіз әңгімесі» және «Абайдың тойы». Жазушының үш еңбегі де қазақ мәдениеті мен тарихына олжа салар кесек пайымдар. Ал «Абай суретінің» жөні бөлек. Бұл Хәкім Абайдың даналық һәм адами сипатын еріксіз таңдандыра көз алдыңызда әкелер бірегей хикаят.

Кітап ұлт алыптарын көзінің қарашығындай қадірлейтін барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST