Әлем бойынша жеткізу

Көктемгі тасқын, Иван Тургенев

2 000

Бас кейіпкер Санин Франкфурт шаһарындағы бір дүкен иесінің бойжеткен қызына аяқ астынан мәрттік танытып көзге түседі. Қыздың жақындары Санинді құрметтеп, бірер күн сонда аялдайды. Бірде бойжеткен Джемма сұлу мен оның атастырылған күйеуі және Санин мейрамханада түстеніп отырғанда, бәрінің көзінше бір жас неміс офицері Джеммаға дөрекілік танытады. Намысы қайнаған Санин оны бірден дуэльге шақырады. Бұл оқиға бойжеткеннің бірсыдырғы өміріне үлкен серпіліс әкеледі. Өзіне қорған болуға жарамаған болашақ күйеуінен теріс айналады. Осылай басталған хикаят ары қарай шытырман оқиғаларға ұласып кете барады…

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Махаббат сезімінің сырлы зергері И.Тургенев «Көктемгі тасқын» повесінде жастардың бойындағы сүйіспеншілік сезімінің алапат күшін көктемгі тасқынмен тамаша шендестіре баяндайды. Жасы елуден асқан Санин есімді жігіт ағасы жастық шағындағы махаббат оқиғаларын есіне түсіріп, өзінің өткен өмірін таразылайды. Германияның Франкфурт қаласында жүрген кезінде бір көріп ғашық болған Джемма есімді сұлумен болған хикаялары, сезімінің тұрақсыздығынан басына түскен әуре-сарсаңы оқырманға ой салары сөзсіз.
Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST