Сипаттамасы
А. Чехов әңгімелері асқан шынайылығымен ерекшеленеді. Шағын проза жанрының хас шебері суреттеген сан мың образдар мен оқиғалардың ішінен өзіңізді немесе әлдебір танысыңызды кезіктіріп қалуыңыз бек мүмкін. Себебі ол образдар мен оқиғалар өмірдің өзінен алынып, сан қырлы өмір құбылыстарын айна қатесіз бейнелейді. Жинаққа А. Чеховтың әйгілі «Құндақтаулы адам» әңгімесі мен басқа да шығармалары еніп отыр.
Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

