Әлем бойынша жеткізу

Инженер Гариннің гиперболоиды, Алексей Толстой

2 500

Шығармада аса дарынды, бірақ менменшіл инженер Пётр Гарин гиперболоид атты қауіпті қару ойлап табады. Оның көмегімен ол капитализмді жойып, әлемді билеп-төстегісі келеді. Бірақ жылу сәулесінің күшімен тау жыныстарын күл-талқан етіп, адам қолы жетуі қиын жер қойнауынан қисапсыз алтын өндіруге мүмкіндік беретін бұл құрылғы үшін жан-жақты талас туып, оқиға әлемдік тартысқа ұласады.

Лазердің негіздемесін патенттеген Нобель сыйлығының иегері Чарльз Таунс бір сұхбатында өз жаңалығын ашуға А. Н. Толстойдың осы романы шабыттандырғанын айтқан екен. Ал атақты Виктор Цойдың «Кино» рок-тобы әуелде «Гарин және Гиперболоидтар» деп аталған. Демек, роман ғылым мен өнерге осыншалық деңгейде әсер еткен.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Инженер Гариннің гиперболоиды» – ғылыми-фантастикалық әдебиеттің классигі Алексей Толстойдың айтулы шығармасы. Романның негізгі оқиғасы ғылыми болжамға, яғни сәуленің келешегіне бағытталған. Басты кейіпкер инженер Гарин химиялық қоспадан туған сәулелерді бір нүктеге топтап, сұрапыл қуатты құрал ойлап табады. Құрал Батыс капиталистерінің көз құртына айналады. Шым-шытырық оқиға өрбиді. Тойымсыз Гарин дүниежүзіне әмір жүргізбек болады. Шытырман оқиға мен тартысқа толы бұл роман оқырмандарды таңдандырмай қоймасы анық.

Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST