Сипаттамасы
Хайуанаттар жайлы ертегілер ерте замандардан бастау алады. Мұндай ертегілердің алғашқы үлгілерінде адамзаттың хайуанаттармен бірге етене араласқан өмірі мен аңшылыққа байланысты сюжеттері кездессе, уақыт өте толыса отырып, адамдардың мінез-құлқын, болмыс-бітімін аллегориялық тәсіл арқылы жануарлар бейнесімен беру деңгейіне дейін түрленді.
Жинаққа енген хайуанаттар жайлы ертегілер қазақ фольклорының ертеден келе жатқан озық үлгілері топтастырылған «Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясынан алынды.
Кітап бүлдіршіндер мен барша оқырман қауымға арналады.

