Әлем бойынша жеткізу

Петербург повестері, Николай Гоголь

1 900

Н. Гогольдің «Петербург повестері» циклі, негізінен, бес туындыдан тұрады. Қолдарыңыздағы кітапта соның үшеуі: «Нева проспектісі», «Мұрын» және «Портрет» берілген. Үш повестің де оқиғасы Петербургте өтеді. Әсіресе «Нева проспектісінде» Гоголь сырға толы шаһардың тіршілігін мол суреттейді. Шығарманың бас кейіпкерлері Пирогов пен Пискаревтің сүйіспеншілік сергелдеңдері арқылы жазушы кейде толассыз әрекеттің де соңы құрдымға кететінін меңзейді. «Мұрын» таңғаларлық тылсым оқиғаны баяндайды. Бас кейіпкер Ковалевтың мұрны иесін тастап, өзінше өмір сүреді. Хикаяттың мәні терең. Сырт келбеті жұртқа жұлдыздай жарқыраған, іші боскеуде адамдарды көз алдыңа әкеледі. «Портретте» Гоголь ақшаның буы барлық ізгілік атауының жауы екенін көрсетеді. Чартков деген бір кедей суретшінің өмірін күрт өзгерткен жайт кімді де болса терең ойлануға итермелейді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Қолыңыздағы кітапта Н. Гогольдің әдебиетшілер мен көпшілік оқырман қауым «Петербург повестері» деп атаған танымал топтамасынан «Нева проспектісі», «Портрет» және «Мұрын» атты хикаяттарын ұсынып отырмыз. Аталмыш повестерге ортақ оқиға орны Санкт-Петербургтің тарихи мен мәдени өмірін жан-жақты қамти отырып, жазушы өз дәуіріндегі «маңызды тұлғалардың» мінез-құлықтары мен өмір салтын таңғаларлық дәлдікпен суреттейді. Сондай-ақ Петербург шахарының жан дүниесін айқара ашқандай – «кішкентай адамдардың» қилы да аянышты тағдырларын баяндайды.

Кітап барша әдебиет сүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST