Әлем бойынша жеткізу

Киелі көкжал, Эрнест Сетон-Томпсон

1 900

Э. Сетон-Томпсонның жер иелігіне ауыл балалары қайта-қайта ұрлыққа түсе берген соң, ол жеткіншектерді табиғатта ойын арқылы тәрбиелейтін бағдарлама ұйымдастырады. Үндістердің өмір салтына негізделген бұл бағдарлама жастардың жалпыұлттық қозғалысына айналады. Тіпті жазушының төрағалығымен «Орман білгірлері лигасы» деген ұйым құрылады.

1906 жылы Э. Сетон-Томпсон ұйымның жұмыстарын британдық генерал-лейтенант Р. Баден-Пауэллге таныстырады. Бұл іске қатты қызыққан қолбасшы көп ұзамай өз елінде лагерьлер ұйымдастыра бастайды. Қозғалыс Англияда бірден өрістеп, небәрі 3-4 жылда күллі Еуропа мен АҚШ-қа, тіпті Ресейге тарады.

Қаламгерлік шығармашылыққа жетістікке жеткен Э. Сетон-Томпсон осылайша табиғатпен үйлесімді өмір сүруді насихаттайтын скауттар қозғалысының негізін салған еді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Эрнест Сетон-Томпсон – әлем оқырмандарының назарын хайуанаттардың тылсым тіршілігіне аударған натуралист жазушылардың бірі. Табиғатты зерттеумен жылдар бойы орман-тоғайды аралап, дала кезіп күн кешкен қаламгердің әрбір шығармасы бейкүнә жан-жануарлардың өмірін айна-қатесіз дәлдікпен суреттейді. «Киелі көкжал» атты бұл жинаққа автордың хайуанаттар жөніндегі шынайы баяндаған хикаяларын топтастырып отырмыз.

Кітап жеткіншектер мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST