Сипаттамасы
Бальзак аз ғана ғұмырында 98 кітап жазған. Әрбір кітабы өзі өмір сүрген қоғамның шындығын ашып, халықтың жағдайынан хабар береді. Қолыңыздағы кітаптың да саяси-әлеуметтік мәні зор. Шығарма қаланың сән-салтанат пен ойын-сауыққа толы өмірінен күндердің күнінде елеусіз қалған түкпірдегі бір өңірге тап келген жас дәрігердің өмірін баяндайды.
Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

