Әлем бойынша жеткізу

Одиссейдің басынан кешкендері

1 900

Аты аңызға айналған ақын Гомер жырлаған «Одиссея» дастанының оқиғалары мен кейіпкерлері түркі халықтарына ортақ «Алпамыс батыр», «Манас» сынды батырлық жырларда, тіпті «Қорқыт ата» аңыздарында кездеседі. Қазақ эпостарындағы қаһарманның жорыққа аттанып, сын-тегеуріндерден өтіп, өз қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде оралуы секілді сарындар Одиссейдің басынан кешкен оқиғаларымен мазмұндас. Бұл ұқсастық көне грек тілінде жазылған мәшһүр поэманың түркілік дүниетаныммен де ортақ тарихи әрі рухани байланысы бар екеніне меңзейтіндей.

Тарихи жаңғырығы темір дәуірінен де терең қойнаудан жеткен осынау жалпы адамзатқа ортақ мұраның прозалық нұсқасын қазақ тілді оқырманның дүниетанымына, көркемдік ойлау жүйесіне сай шебер аудара білген – жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Аты аңызға айналған Гомер жырлаған «Одиссея» дастаны Троя соғысын баяндайтын «Илиада» поэмасының жалғасы деп есептеледі. Аңыз бен ақиқаты астасқан «Одиссея» дастанында әйгілі Троя соғысынан отанына қайтып бара жатқан батырлардың бастан кешкен шым-шытырық оқиғалары мен айлакер батыр Одиссейдің ерліктері баяндалады. Шығарманың қазақ тіліндегі прозалық нұсқасын аударған жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST