Әлем бойынша жеткізу

Үйтілген байпақ, Әділ Балта

1 500

Балтабай Әділов – Қарақалпақстанда туып-өскен қандасымыз. 1993 жылы Қазақстанға көшіп келіп, балалар басылымында қызмет істеген. Кішкентай достарына арнап жазған әңгімелеріне «Әділ Балта» деп қол қойып, сол атпен көпшілікке танылған. Тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап екі мыңыншы жылдардың аяғына дейінгі аралықта балаларға арналған газет-журналдарды оқып өскен, бүгінде есейіп кеткен оқырман Әділ Балта деген есімді жақсы біледі. «Ай сайын келетін басылымды қолға алған бойда, парақтап отырып Әділ Балтаның жазғанын тауып алып, оқып шыққанша асығушы едік» деп еске алатындар көп.

Бұл – Әділ Балтаның балдырғандарға арналған әңгімелерін бір жерге жинақтаған бірінші кітап.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Бастауыш пен орта сыныптарда оқитын балаларға арнап жазылған бұл әңгімелер – тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басында баспасөз беттерінде жарияланған. Әділ Балта деген бүркеншік атпен шыққан Балтабай Әділовтің әңгімелерінің тілі жеңіл, оқиғалары балалардың өмірінен алынған.

Кітап балаларға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST