Әлем бойынша жеткізу

Ергежейлі еліне саяхат, Бердібек Соқпақбаев

1 600

Бердібек Соқпақбаевтың ең соңғы жазғаны – «Ергежейлі еліне саяхат» хикаяты. 1966 жылы жазылған осы шығармасы Совет өкіметінің саясатына қарсы болғандықтан, жарыққа шықпай қалған. Содан кейін жазушы қолына қалам алмай кеткен. Хикаят бірінші рет кітап болып басылып отыр.

Ал «Компас», «Жасырынбақ», «Шал мен бала», «Балапан торғай», «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімелері балдырғандар үшін нағыз олжа деуге болады.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Ергежейлі еліне саяхат» хикаяты Бердібек Соқпақбаевтың соңғы шығармасы болып есептеледі. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты шығарма жарық көрмей қалған. Хикаятта оқиғалар мен адамның ақыл-парасаты, мінез-құлқы, жан толғаныстары, ғұмыры, қарама-қайшылықтары, қоғамдық тартыстардың мағынасы бүкпесіз ашылады. Бір ұлттың ұлттық танымы мен саяси қауқарын, әл-ауқатын астарлап жеткізе алған туынды десе де болады.

Сондай-ақ хикаятпен бірге жазушының балаларға арналған әңгімелерін де қосып отырмыз.

Кітап балалар мен ата-аналарға, жалпы оқырмандарға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST