Әлем бойынша жеткізу

Таудан биік Толағай, Абай Мауқараұлы

1 200

Қазақ халқының дүниетанымында Толағай туралы аңыздың орны ерекше. Бұл аңызда алып батыр елін апаттан қорғау үшін тауларды көтеріп, туған жерінің амандығы үшін жанын пида етеді. Жазушы Абай Мауқараұлының «Таудан биік Толағай» авторлық ертегісінің негізінде де осы ғибратты аңыз жатыр. Абыз атаның Толағай туралы аңыз арқылы айтқан аманатын тыңдаған үш дос рухани қазынаны келер ұрпаққа жеткізуді өз міндеті санайды. Ертегінің баяндалу тәсілі ерекше қызықты әрі оқуға жеңіл, танымдық, тәрбиелік мәні терең.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Таудан биік Толағай» – балалық қиял мен аңыздың тоғысқан әсем әлеміне жетелейтін хикаят. Білімпаз, Көреген және Сезімтал есімді үш дос қызыққа толы күндерін өткізіп, әртүрлі сұрақтарға жауап іздеп жүріп, бір күні Абыз атаны көруге барады. Данагөй қарт оларға өз бабасы жайлы – тау көтерген Толағайдың ерлігі туралы аңызды баяндап береді. Үш құрдас сүйсіне тыңдаған бұл сырлы хикаят олардың қиялын тербетіп, жүрегіне достық пен батырлықтың шынайы мәнін ұялатады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST