Әлем бойынша жеткізу

Бөрімен бетпе-бет, Мұнайдар Балмолда

1 900

Мұнайдар Балмолданың бұл кітабы – қазақ халқының киелі тотемі «Бөрі» тақырыбына арналған туындылар жинағы. Бұл шығарманың барлығында да бөріге жасалған қастандық, оны қырып-жою әрекеттері суреттеліп, сол арқылы адамның өз болмысынан, арғы ататегінен ажырау қаупі баяндалады. Түз тағысы бөрі – тектілік пен еркіндіктің символы. Кітап халықтың тарихи жадын, мәдени тамырын қорғау қажет деген ойға жетелейді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Жинаққа енген шығармалар бір тақырыпқа – бөріге арналғанымен, оқиғалары мен тартыстары әртүрлі. «Бөрінің өлімі» деп аталатын шығармада Қуат есімді аңшы бала күнгі сүйіктісі Айбаршаның тағдырын мүгедек еткен түз тағылары үшін кек алып, көкжалды ит төбелестеріне салып азаптайды. Ал «Бөрімен бетпе-бет» туындысында көкжал Көксауыт пен құртқа Айберен және малшы Еркенже мен оның ұлы Ерқабыл арасындағы бітіспес күрес суреттеледі. «Ақпанның ақ түтегі» әңгімесі адамзаттың қасқырларға жасаған әділетсіздігінің жауапсыз қалмайтыны ерекше шытырман оқиғамен баяндалады.

Кітап көркем әдебиетті сүйер барша оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST