Сипаттамасы

1 том: «Аласталғандар» әлем әдебиетінің классигі Виктор Гюгоның бірнеше рет фильм болып түсірілген, мюзиклға негіз болған әйгілі романы.
Француз жазушысы бұл туындысында бүкіл қоғам үшін ең маңызды тақырыптарды ашады. Билік пен махаббат күші, қатыгездік пен адамгершілік, кедейлердің қорлануы және байлардың азабы. Кітапта бұрын істі болған Жан Вальжанның, оның артына түскен полиция Жавердің, жас Козетта мен Мариустың қиын өмір жолы, сондай-ақ Париж қоғамының ең түбінде қалған Эпонин мен Гавроштың қиын тағдыры суреттеледі. Париждің қылмыстық әлемі мен полиция арасындағы қарама-қайшылықтар, саяси партиялар арасындағы даулар, діни заңдар мен шіркеу жүйесі – ХІХ ғасырдың басындағы француз қоғамының тамаша көрінісі толығымен осы томда бейнеленген.
Роман жарқын, есте қаларлық кейіпкерлермен, романтикамен, шиеленісті және қызықты сюжетімен ерекшеленеді.
2 том: Қайталанбас қаламгер Гюгоның «Аласталғандар» романы – адамдық пен рухани жаңаруды, кешірімнің мәнін ұғындырады. Бұл томда Козетта мен Мариустың махаббаты, Париждегі көтеріліс және Жан Вальжанның ерлігі арқылы автор мейірімділік, кешірім және азаттық үшін күрес тақырыптарын ерекше өрбітеді. Оның Мариусты құтқаруы мен Жавердің ішкі қақтығысы оқырманды адам жанының күрделі табиғатын түсінуге жетелейді. Ақырында бас кейіпкердің өмірден өтуі оның рухани жеңісін айшықтайды.
Туынды мейірімділік пен әділдіктің парқын ұғынғысы келетін барша оқырман қауымға арналады.

