Әлем бойынша жеткізу

Бір атаның балалары, Мұхтар Мағауин

1 700

Соғыс жылдарындағы аядай ауыл тұрғындарының тағдыры сан қилы еді. Бірі – баласының майданнан аман-есен оралуын сарыла күткендер болса, бірі – қара қағазды құшақтап, бауыр еті баласын жоқтап, жүрегі қан жылап отырған жандар.

Зұлмат жылдардың зәрлі салқыны тек ересектерге ғана емес, бала жүректерге де ерте жетті. Ата-анадан айырылып, тұл жетім қалған балалар жоқшылық пен жетімдіктің ащы дәмін ерте татты. Бірақ оларды мейірімнен айырмаған – қазақ даласының дархан көңілі мен қайырымды  жандары болды.

Бұл туындыны парақтаған жан, қиын-қыстау заманның ауыр тағдырлары туралы оқып қана қоймай, жұмырбасты пендені нәсіліне, дініне, түрі мен тегіне бөліп-жармай, бәріміздің бір өзеннің арнасы, бір атаның баласы екенімізді терең түсінеді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Дарынды жазушы Мұхтар Мағауиннің өмір шындығына негізделіп жазылған «Бір атаның балалары» шығармасында бір мезетте бірнеше тағдыр тоғысып, түрлі оқиғалар желісі қатар өріледі. Әңгіме соғыс жылдарындағы аядай қазақ ауылына – қазақтан өзге неміс, татар, орыс сынды ұлттардың жетім қалған балаларының әкелінуінен бастау алады. Осыдан кейін автор неміс Зигфрид, ағайынды Нартай мен Ертай, сондай-ақ ұлты белгісіз Яков тағдырына жеке-жеке үңіледі.

Бұл туынды – тек соғыс қасіретін емес, адамзаттың ең асыл қасиеттерін: қамқорлық, мейірім, ұлт пен ұлысқа бөлмейтін кең жүректі қазақ халқының бауырмалдығын терең сезіндіретін мәңгілік құндылық.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST