Әлем бойынша жеткізу

Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Ғашықтық жыры

1 700

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – қазақ халқының көне әрі ең сүйікті лиро-эпостық жырларының бірі, махаббат пен адалдықтың ескерткішіне айналған туынды. XIII-XIV ғасырларда пайда болып, XIX ғасырда қағазға түсірілген бұл жырда қос ғашық – Қозы мен Баянның шынайы сезімі, олардың тағдыр тәлкегіне қарсы тұруы әсерлі суреттеледі.

Бұл жырдың бірнеше нұсқасы бар, олардың ішінде Мұқыш Нукин нұсқасы оқырман қауымға ұсынылып отыр. Мәтін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Бабалар сөзі» көптомдығынан алынған.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – махаббат пен адалдықтың мәңгілік жыры. Бұл жырда асыл сезімнің тазалығы, әділдік пен ар-намыстың биіктігі, махаббат жолындағы құрбандық пен қайсарлық көркем сипатталған. Екі жүректің бір-біріне деген кіршіксіз сезімі тағдырдың қатал сынына ұшырап, сарандық пен опасыздықтың құрбанына айналады. Алайда сүйгенінің кегін қайтарған Баянның өжеттілігі, әділетсіздікке қарсы күресі оқырманға жігер беріп, махаббаттың тек тәтті арман емес, үлкен сынақ екенін ұғындырады.

Бұл жыр көркем сөздің құдіретін түсінетін, ұлттық рухани мұраға, қазақ халқының асыл мұраттарына қызығушылық танытатын жанның көңіл түкпірінен орын алары сөзсіз.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST