Әлем бойынша жеткізу

Сары кітап, Едіге Мағауин

4 500

«Сары кітап» – ұлт тарихындағы зұлмат жылдардың айшықты таңбасы. Едіге Мағауиннің бұл еңбегі – өткеннің азабын терең зерттеп, сол заманның азалы бейнесін қайта тірілтетін маңызды туынды. Аштықтың салдарынан үш миллионға жуық адамның қырылуы – ұлт болмысына, руханияты мен мәдениетіне орасан зиян тигізгені, сол кезеңнің халық жадында мәңгі қалдырған ауыр жарасы екенін көрсетеді.

Бұл жинақ тарихи деректерді ғана емес, сол кездегі адам тағдырларының шынайы бейнесін, олардың жанайқайын көз алдыңызға әкеледі. Кітап тек өткенді тану үшін емес, сол қайғылы жағдайлардан сабақ алып, рухымызды сақтау үшін де маңызды. Халықтың қайсарлығы мен күресін көрсететін бұл естеліктер оқырманды терең ойға батырып, ұлттың тарихи санасын жаңғыртатын құнды мұра.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Сары кітап» – халқымыздың қайғысы мен жан айқайын бейнелейтін, тарихта өшпес із қалдырған зұлмат жылдардың естеліктер жинағы. Едіге Мағауиннің бұл еңбегі – өткеннің азабын терең зерттеп, сол заманның азалы бейнесін қайта тірілтетін маңызды туынды. Аштықтың салдарынан үш миллионға жуық адамның қырылуы – ұлт болмысына, руханияты мен мәдениетіне орасан зиян тигізгені, сол кезеңнің халық жадында мәңгі қалдырған ауыр жарасы екенін көрсетеді. «Сары кітап» – сол бір қасіретті жылдарды басынан өткерген тікелей куәлардың көзкөрген жазбалары.

1989–1994 жылдар орайында республикалық әдеби «Жұлдыз» журналында жарияланған естеліктер енді жинақталып, жалпы жұрт алдына қайыра тартылып отыр. Кітаптың авторлық құқығы – кезінде осы қажетті, ізгілікті шаруаны жүзеге асырған «Жұлдыз» журналының иелігінде. Бұл сөз осы кітапты құрастырушыға да тікелей қатысты.

Кітап барша оқырманға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST