Әлем бойынша жеткізу

Улуру. Австралияда нең бар еді, құлыным?!, Тұрсынбек Әлиұлы

1 900

Бұл 2015 жылы жарыққа шығып, оқырманын бірден баурап алған туынды. Шығарма туралы авторға 10 000-нан аса хат келген. Романның атауы – Улуру, Австралиядағы жергілікті халық тілінде «Көлеңкелі жер» дегенді білдіреді. Ал жалпы оқырманға туындының алғашқы тарауының (Австралияда нең бар еді, құлыным?!) атымен танымал болып, тарап кеткен.

Көлеңкелі жер – бізге беймәлім көлеңкелі өмір өрнектері. Күнделікті тұрмыстағы біз байқап мәніне үңіле бермейтін, бізге көрінбейтін тағдырдың астарлы тұстары. Бес бөлімнен тұратын роман сюжеті өте қызықты, шытырман оқиғаларға толы. Оқырманды бірден өз әлеміне тартып, баурап әкетеді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Улуру» романы соңғы ширек ғасырда, дәлірегі тәуелсіздіктен кейінгі қазақ әдебиетінде ең көп оқылған шығарма. Тілі қарапайым, оқиғалар желісі шым-шытырық әрі мазмұны жиһангерлік хикаялармен ұштасқан. Негізінде желілес бес кітаптан тұратын романның әрбір кітабы өз алдына жеке туынды іспетті. Осы романның «Австралияда нең бар еді, құлыным?!» атты бірінші бөлімін жеке кітап ретінде оқырмандарға ұсынып отырмыз.

Кітап әдебиеттен қазіргі заман оқиғаларын іздеп жүріп оқитын барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST