Әлем бойынша жеткізу

Әйел махаббаты, Мұхтар Мағауин

2 900

 

Қолдарыңыздағы «Әйел махаббаты» атты кітап – мәшһүр жазушы Мұхтар Мағауиннің бір шоғыр әңгімелер жинағы. Жинаққа бірегей қаламгердің 1960 жылдан 2008 жылға дейінгі аралық, есебі тұтас жарты ғасыр бойы жазылған әңгімелері ішінен 11 шығарма топтала басылып отыр. Жазушы өзінің танымал туындысы «Мен» мемуарлық дилогиясында дарынға тән төл қасиеттерді: жылы жүрек, қиял байлығы, аңғарымпаздық, сурет зердесі һәм ең бастысы – ынтызар құмарлық деп таңбалайды. Расында да «Әйел махаббаты», «Кешқұрым», «Бір нәзік сәуле», «Он жеті әйел алған Исақан ағам» сынды және осында енген басқа да әңгімелер мазмұнынан, кейіпкерлер бейнесінен аталған қасиеттерді көріп, шын өнер иесінің қолтаңбасын жазбай танимыз. Жазушы таңбалаған риясыз сүйіспеншілік пен рухани өмір шежіресінен ғибрат аламыз.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Бұл, мазмұны ерекше жинаққа классик жазушы Мұхтар Мағауиннің сүйіспеншілік, достық туралы бірнеше әңгімесі топталып отыр. Негізгі сарын – адам атаулыға бақыт, қуаныш сыйлайтын нәзік сезім суреттері, сонымен қатар, махаббат азабы, айнымалы мінез, опасыздық пен адал тұрақтылық – бір сөзбен айтқанда, шынайы өмір көріністері.

Кітап жасөспірім оқырманға арналған. Бұл әңгімелер жастар мен ересектердің де жүрегіне жол табары хақ.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST