Сипаттамасы

Қолдарыңыздағы кітапта жазушы Асқар Сүлейменовтің Біржан сал Қожағұлұлының өмірін арқау еткен бірегей туындысы «Адасқақ» повесі беріліп отыр. Шығармада Біржан сал өмір сүрген кезеңнің ахуалы, сазгердің Абаймен, Ақан серімен өнер, өмір, махаббат, адамдық болмыс жайлы диалогтары шебер суреттелген, сондай-ақ тарих, адам, өнер, билік ұғымдары Біржан салдың жеке басындағы қайшылықтар арқылы ашылады.
Кітап әдебиет пен өнер сүйер барша оқырман қауымға арналған.

