Әлем бойынша жеткізу

Гауһар білезік

1 900

«Гауһар білезіктің» жазылу тарихы нақты оқиғалармен байланысты. Губернатор Любимовтар отбасы альбомды қарап отырып, Александр Ивановичке қызықты махаббат тарихын айтып берді. Автор осы оқиғаны шығарма арқауы етіп алады.Шығарма шын махаббаттың жүректен із-түзсіз өшпейтіндігін арқау етіп, оны дер кезінде бағалап, қабылдай білу керектігін жеткізгісі келеді. Бірақ соны бұл повесть желісі сендіре алды ма? Мұны саралау оқырмандар еншісінде.Ал «Олеся» повесінің өзегінде жатқан негізгі тартыс – өркениет пен табиғат әлемінің қарама-қайшылығы. Олеся сөзсіз және риясыз сүюді біледі. Иван өзінің айналасындағы дүниеде жетіспейтін нәрсені – рухани байлық пен ішкі сұлулықты Олесядан табады. Бірақ, олардың махаббаты баянды болды ма?…

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

А. Куприннің повестері мен әңгімелері әлемдік әдебиеттегі махаббат туралы ең үздік шығармалар қатарына жатады.

«Гауһар білезік» повесі – өміршеңдік пен гуманизм, кіршіксіз таза әрі риясыз махаббат туралы аса шеберлікпен баяндалған ХХ ғасырдың басындағы орыс классикалық әдебиетінің ең таңдаулы үлгерінің бірі болып саналады. Ал «Олеся» – ақсүйек шонжардың ұлы мен орманда тұратын сиқыршы қыздың махаббат хикаясы. Мейірімділік, табиғатпен үйлесім, сүйгені үшін барлық қиындыққа төзу және тағы басқа әсерлі сезімдер бейнелеген повесть барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST