Әлем бойынша жеткізу

Пайда ойлама, ар ойла

1 700

«Шын хәкім, сөзің асыл баға жетпес» деп Мағжан жырлаған Абай мұрасының басылым тарихында біз бірнеше рет таңба алмастырып, жазу өзгерісін бастан кештік. Бұл Абай өлеңдерінің мән-мазмұнына түрлі деңгейде әсер етпеді дей алмаймыз. Сондықтан қолдарыңыздағы кітапты құрастыруда соңғы ұжымдық жинақ – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан дайындалған ақынның 3 томдық академиялық басылымы басшылыққа алынды.

Біз ел бірлігі, ұлттың мінезі, мәдениеті дегенді ауызға алғанда Абай есіміне соқпай кете алмаймыз. Оның бірден-бір себебі Абай өлеңдерінің көтерген мәселесінде жатса керек. Абай сөзінің қазақпен жаны егіз, мәселесі өзекті болып келетіні де содан. Бұл тұрғыдан алғанда, Абай мұрасы біздің әрбіріміздің мақсат-мүддемізді айқындауда бір таразылап өтер өлшем, құндылық рөлін атқарады.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Абай шығармашылығы – қай қазақтың болмасын бас қойып, қанып ішер рухани бастау бұлағы. «Қазақтың бас ақыны» атанған хәкімнің өлеңдері өзінің құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Осыған орай баспамыз назарларыңызға ұлы ақынның таңдамалы өлеңдер жинағын ұсынып отыр.

Кітап барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST